Текст
"Ұлан ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары әртүрлі формада өтті.
Оқушылар өздерінің туған өлкесі туралы білімдерін көрсетіп қана қоймай, өз ойларын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Осы айтылғандардың барлығы оқушылардың бойында патриотизмді, ұлтаралық келісімді , рухани-адамгершілік қасиеттерді, Қазақстан Республикасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.