"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Ұлан аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Улан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети.

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есепті қоғамдық талқылау 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Ұлан ауылының негізгі орта мектебі" КММ.

 

         1. Жалпы ережелер

         1)Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Ұлан ауылы, Кенесары Қасымова көшесі, 18.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат:

          «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

          2023 жылы «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ 9 қызмет көрсетіледі;

          «Азаматтарға арналған үкімет» - мемлекеттік қызметтер көрсетілген саны 0;

          электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 9;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.

         Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

         3) Ең көп сұранысұа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

         «Мектепке дейінгі ұйымдарға жібері үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін тізімдемеге бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

 

          2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет.

          Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми ғаламтор-ресурстарында орналастырылған http://sc0015sandyktau-aqmo.edu.kz/ «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді

          2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің ғаламтор жүйесінде жүзеге асырылады.

          3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шарлар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары )

              2023 жылы «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ «Сандықтау өңірі» райондық газетінде мақала жариялап, тікелей эфир жүргізді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің ғаламтор-желілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсеті тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.      

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде Akmola.kz. жұмыс істейді.

            Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

          2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 1 қызмет көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

            4. Мемлекеттік қызмет көрсету қызметін бақылау.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

          2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.       Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау нәтижелері.

Қоғамдық бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

          Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 18:46
Құрылған күні: 29.02.2024 19:05

Текст